ru24.pro
World News
Июль
2026
1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 11
12
13
14
15
16
17
18
19
20
21
22
23
24
25
26
27
28
29
30
31

Ақтауда сауда базары өртенді

0
Ақтаудың 23-шағын ауданындағы базар аумағында бутик өртенді, деп хабарлайды Tengrinews.kz ТЖМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Өрт 9 шілде күні кешке басталды, жалын кеңсе тауарлары сатылатын сауда нүктесінде тұтанған.


"Хабарлама түскеннен кейін ТЖМ қызметкерлері шақырту орнына дереу жетіп, сөндіруге кірісті. Өртсөндірушілер жалынның көршілес сауда орындарына жайылуына жол бермеді", - делінген ТЖМ хабарламасында.

Өрттің аумағы 60 шаршы метрді құрады. Тілсіз жау қысқа мерзімде толықтай ауыздықталды.
Қаза тапқандар мен зардап шеккендер жоқ. Өрттің шығу себебі анықталып жатыр, деп хабарлайды құтқарушылар.