ru24.pro
World News
Июль
2026
1 2 3 4
5
6
7
8
9
10
11
12
13
14
15
16
17
18
19
20
21
22
23
24
25
26
27
28
29
30
31

Әлем чемпионатының Қазақстандағы ең танымал матчтері жарияланды: 7 миллион қаралым

0

2026 жылғы әлем чемпионатының қазақстандық жанкүйерлер арасында ең танымал бес матчі анықталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Qazsport арнасының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.Әлем чемпионатының топтық кезеңі аясында Португалия – Өзбекстан матчі барлық телеарна рейтингінде ең жоғары көрсеткішке ие болды.

Кездесуді телеарна мен сайт арқылы 2 миллионға жуық көрермен тамашалаған. Матчтің рейтинг көрсеткіші 4,76 пайыз, ал көрермен үлесі 45,1 пайыз болған (K Research Central Asia деректері).
Сонымен қатар ТОП-5 матчтің қатарына енген.

Португалия - Өзбекстан - шамамен 2 миллион адам,
Португалия – Конго ДР кездесуін - 1 680 161,
Аргентина – Аустрия матчін - 1 300 582,
Испания – Кабо-Верде ойынын - 1 200 275,
Германия – Кюрасао кездесуін 1 100 042 адам тамашалаған.

Барлығы: 7,28 миллион адам.
Айта кетейік, қазір Әлем чемпионатының 1/16 финал ойындары өтіп жатыр. Алда жанкүйерлерді бұдан да тартысты әрі шешуші кездесулер күтіп тұр.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!