ru24.pro
World News
Июнь
2026

Шығыс Қазақстанда өзен ашық қызғылт сары түске боялды

0

Шығыс Қазақстанда ерекше - ашық қызғылт сары түсті су видеоға түсіп қалды, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі КТК арнасына сілтеме жасап.
Бұл видео әлеуметтік желіде қызу талқыланды: "Иә, Қарағожихада мұндайды әлі көрмеген едік! Қараңыздаршы, жаңбырдан кейін Снегирихин кенішінен ағатын жылға ашық қызғылт сары түске боялған. Өзімізді басқа ғаламшарда жүргендей сезінеміз».
Телеарна ақпаратынша, мұндай құбылыс алғаш рет болып тұр және тек Қарағожиханың жоғарғы жағында байқалады. Ал оның басқа өзенмен ұласатын жерінде бірден екі түс көрінеді: бірі - сарғыш, екіншісі - зүбәржат түсті.
Желі қолданушылары бұған жаңбырдан кейін көтерілген саз себеп болуы мүмкін деп болжады. Жағдай экологтарды да бей-жай қалдырмады. Мамандар мән-жайды анықтау үшін оқиға орнына аттанды. Енді олар басты сұраққа жауап беруі тиіс: өзенге ластаушы заттар түскен жоқ па және бұл қаншалықты қауіпті?

"Мониторинг аясында Глубокое ауданы аумағында орналасқан өзеннен су сынамалары алынды. Қазіргі уақытта зертханалық зерттеулер жүргізіліп жатыр. Қорытындысы бойынша қосымша ақпарат беріледі", - деді ШҚО бойынша экология департаментінің баспасөз хатшысы Аружан Әлібекова.