Жаңбыр және жел: синоптиктер Астана мен Алматы тұрғындарына ескерту жасады
Алдағы үш күнде Астана мен Алматы тұрғындарын қандай ауа райы күтетіні белгілі болды. Бұл туралы "Қазгидромет" болжамын жариялады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.
Астанаға арналған ауа райы болжамы
24 маусымда күн бұлтты болады, кей кездері жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, күндіз бұршақ жауып, дауыл тұруы мүмкін. Оңтүстік-батыстан соғатын желдің жылдамдығы секундына 9–14 метр, кей кездері екпіні секундына 15–20 метрге дейін жетеді. Ауа температурасы түнде +19…+21 градус, күндіз +24…+26 градус болады.
25 маусым: күн бұлтты болады, күндіз жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, бұршақ жаууы мүмкін. Солтүстік-батыстан соғатын желдің жылдамдығы секундына 9–14 метр. Ауа температурасы түнде +16…+18 градус, күндіз +24…+26 градус.
26 маусым: күн бұлтты болады, жауын-шашынсыз. Солтүстік-батыстан соғатын желдің жылдамдығы секундына 9–14 метр. Ауа температурасы түнде +15…+17 градус, күндіз +29…+31 градус.
Алматыға арналған ауа райы болжамы
24 маусым: күн бұлтты болады, күндіз өткінші жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Солтүстік-батыстан соғатын желдің жылдамдығы секундына 3–8 метр, күндіз екпіні секундына 15 метрге дейін жетеді. Ауа температурасы түнде +20…+22 градус, күндіз +32…+34 градус.
25 маусым: күн бұлтты болады, күндіз өткінші жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Оңтүстік-батыстан соғатын желдің жылдамдығы секундына 3–8 метр, күндіз екпіні секундына 13 метрге дейін жетеді. Ауа температурасы түнде +18…+20 градус, күндіз +30…+32 градус.
26 маусым: күн бұлтты болады, күндіз өткінші жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Оңтүстік-батыстан соғатын желдің бағыты солтүстік-шығысқа ауысады, жылдамдығы секундына 3–8 метр, күндіз екпіні секундына 13 метрге дейін жетеді. Ауа температурасы түнде +18…+20 градус, күндіз қатты ыстық болады - +33…+35 градус.
Тағы оқыңыз: Қазақстанда күн салқындайды
