ru24.pro
World News
Март
2026
1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 11 12 13 14 15 16
17
18
19
20
21
22
23
24
25
26
27
28
29
30
31

Елена Рыбакина ресми түрде әлемнің екінші ракеткасы атанды

0

Әйелдер теннис қауымдастығы (WTA) жекелей және жұптық разрядтар бойынша жаңартылған рейтингті жариялады, - деп хабарлайды Tengri Sport.

Жекелей разрядҚазақстанның бірінші ракеткасы Елена Рыбакина АҚШ-тың Индиан-Уэллс қаласында өткен WTA 1000 санатындағы беделді турнирдің финалына дейін жетіп, рекордтық екінші орынға көтерілді. Бұған дейін ол бір саты төмен тұрған. Бұл теннисшінің мансабындағы ең жоғары жетістік қана емес, жалпы Қазақстан өкілдері үшін ең жоғары көрсеткіш.

Беларусь теннисшісі Арина Соболенко әлемдік рейтингтің көшбасшысы болып қалды, алғашқы үштікті бұрын әлемнің екінші ракеткасы болған польша теннисшісі Ига Швёнтек түйіндеді.скриншот wtatennis.com сайтынан

Юлия Путинцева 76-орыннан 75-орынға көтерілді.

Зарина Дияс 16 саты төмендеп, 312-орынға түсті.

Жібек Құламбаева 31 саты төмендеп, қазір 419-орынды иеленіп отыр.

Жұптық разрядҚазақстанның жұптық разрядтағы ең үздік теннисшісі Анна Данилина жетінші орыннан төртінші орынға көтерілді.

Бірінші орынды бельгиялық Элизе Мертенс сақтап қалды, ал чех теннисшісі Катерина Синякова екінші орынға көтеріліп, канадалық Габриэла Дабровскиді үшінші орынға ығыстырды.скриншот wtatennis.com сайтынан

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!