ru24.pro
World News
Март
2026
1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 11 12 13 14
15
16
17
18
19
20
21
22
23
24
25
26
27
28
29
30
31

Екібастұз тұрғыны өз үйінде жасырын алкоголь өндіру цехын ашып алған

0
Екібастұзда жасырын алкоголь өндіру цехы анықталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Екібастұзда тұрғын өз үйінде заңсыз түрде алкоголь өндіретін жасырын цех ұйымдастырған.

"Үй-жайды тексеру кезінде ішінде белгісіз сұйықтық бар 139 пластик бөтелке, сыраға ұқсас 288 литр сұйықтық, 10 шыны колба және алкоголь өнімдерін (виски, ликер, сыра) қолдан жасап шығаруға арналған аппарат, сондай-ақ спирт өндіруге арналған құрал-жабдықтар анықталып, тәркіленді. Өнімдерге белгілі брендтердің этикеткалары жапсырылған, алайда акциздік белгілері болмаған. Тәркіленген өнім сараптамаға жіберілді, оның нәтижелері бойынша процессуалдық шешім қабылданады", – деп хабарлады Павлодар облысы Екібастұз қаласы ПБ бастығы Төлеген Құдайбергенов.













Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Екібастұз Қаласының Полиция Басқармасы (@up.ekibastuz)


Полиция алкоголь өнімдерін заңсыз дайындау, сондай-ақ оны өндіруге арналған жабдықтарды сақтау қолданыстағы заңнамаға сәйкес жауапкершілікке әкеп соғатынын ескертті.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!