ru24.pro
World News
Март
2026
1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 11 12 13 14 15
16
17
18
19
20
21
22
23
24
25
26
27
28
29
30
31

ІІМ референдум қарсаңында қазақстандықтарға үндеу жасады

0

Ішкі істер министрлігі 15 наурызда өтетін референдум қарсаңында азаматтарға үндеу жасады. Ведомство жалған ақпарат таралуы мүмкін екенін ескертіп, қазақстандықтарды желідегі хабарламаларға мұқият болуға шақырды, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Ведомство мәліметінше, мұндай маңызды кезеңде әлеуметтік желілер мен мессенджерлерде жалған ақпарат пен арандату хабарламаларын тарату жиілейді. Олардың мақсаты – қоғамды адастыру және жағдайды тұрақсыздандыру. Бүгінде цифрлық технологиялар мен жасанды интеллектінің дамуына байланысты жалған контент жасау бұрынғыдан әлдеқайда жеңілдеді.
Министрлік көрінеу жалған ақпарат тарату заң бұзушылық екенін еске салды.

"Қысқа уақытта шындыққа ұқсас, бірақ адамдарды жаңылыстыратын жалған материалдар таралуы мүмкін. Еске саламыз, көрінеу жалған ақпарат тарату – заң бұзушылық. Мұндай әрекеттер үшін әкімшілік те, қылмыстық та жауапкершілік қарастырылған", - делінген ведомство хабарламасында.

Ішкі істер министрлігі азаматтарды ақпаратқа мұқият қарап, күмәнді хабарламаларды таратпауға шақырды.

"Азаматтарды заң талаптарын сақтауға және тексерілмеген ақпаратты таратпауға, ақпараттық мәдениетті сақтауға шақырамыз. Күмәнді хабарламаларды көрсеңіздер – оны әрі қарай жібермеңіздер. Жалған ақпарат көбіне дәл осылай таралады. Ішкі істер министрлігі референдум кезінде қоғамдық тәртіп пен қауіпсіздікті толық қамтамасыз етеді. Жалған ақпарат тарату және арандатушылық әрекеттер жедел анықталып, ден қойылып, заң аясында қатаң қаралады. Сондықтан тек ресми және сенімді ақпарат көздеріне ғана сеніңіздер", - деді ІІМ ресми өкілі Шыңғыс Алекешев.

Алдағы референдум
2026 жылғы 11 ақпанда Президент Қасым-Жомарт Тоқаев жаңа Конституция бойынша референдум өткізу туралы жарлыққа қол қойды.
Құжатқа сәйкес, Қазақстанда референдум 15 наурызда өтеді. Бұл жексенбі.
Референдум бюллетенінде "Сіз 2026 жылғы 12 ақпанда бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланған Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясын қабылдайсыз ба?" деген бір ғана сұрақ болады.
Қазақстан азаматтары "Иә, қабылдаймын" немесе "Жоқ, қабылдамаймын" деп дауыс береді.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!