ru24.pro
World News
Февраль
2026

Трамп тағы бір мерзімге президент болуға құқығы барын айтты

0

АҚШ президенті Дональд Трамп Америка Конституциясындағы тыйымға қарамастан, тағы бір мерзім президент болуға құқығы бар екенін меңзеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі CNN-ге сілтеме жасап.
Трамптың пікірінше, 2020 жылғы сайлауда оның жеңіске жете алмауына демократтар тарапынан жасалған айла себеп болған. Ол дауыс беру қорытындыларын мойындаған жоқ, ал сол сайлаудың жеңімпазы болып оның қарсыласы Джо Байден жарияланған еді.

"Мүмкін, біз тағы бір мерзімге қалармыз... Құқығым бар, өйткені 2020 жылғы сайлауда ашықтан-ашық алаяқтық жасалды", - деді президент Техас штатында жақтастары алдында сөйлеген сөзінде.

CNN мәліметінше, 2020 жылғы сайлауда заңсыздық болды дегенге ешқандай дәлел келтірілмеген.
Басылым АҚШ президентінің "Америкалық шығанақ" деген жазуы бар бас киім киіп, сахнаға өзінің дәстүрлі сайлауалды әні - Ли Гринвудтың God Bless the USA ("Құдай АҚШ-ты жарылқасын") әнімен шыққаны айтылған.
Трамптың сөзінше, жақтастары 2028 жылғы сайлауда өзінің кандидатурасын қайта ұсынғанын қалайды. Алайда өзі үшінші мерзімге түсуге ниетті емес екенін айтқан, дегенмен бұған дейін мұны бірнеше рет меңзеген.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!