ru24.pro
World News
Февраль
2026
1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 11 12 13 14 15 16 17 18 19 20 21 22 23 24 25 26
27
28

Жамбыл: №41 мектеп-гимназиясында қаржылық және цифрлық қауіпсіздік тақырыбында кездесу өтті

0

Тараз қаласындағы №41 мектеп-гимназиясында «Заң және тәртіп» тұжырымдамасы аясында қаржылық және цифрлық қауіпсіздікке арналған ақпараттық кездесу ұйымдастырылды. Іс-шараны Жамбыл облысы бойынша Экономикалық тергеп-тексеру департаменті өткізді.

Кездесу «Қаржылық тәртіп пен құқықтық мәдениет: ата-ананың үлгісі» тақырыбына арналды. Шара барысында қаржылық сауаттылықтың маңызы, жеке шешімдер үшін жауапкершілік және жастардың заңға құрметпен қарауын қалыптастырудағы ересектердің жеке өнегесінің рөлі кеңінен түсіндірілді.

Сонымен қатар цифрлық қауіпсіздік мәселелеріне ерекше назар аударылды. Қатысушыларға дипфейк технологияларының қаупі, жалған аудио және бейнематериалдарды ажырату жолдары, интернет-алаяқтардан қорғану тәсілдері, жеке деректерді қорғау және интернет ресурстарды қауіпсіз пайдалану жөнінде мәлімет берілді.

Іс-шараға қоғамдық бірлестіктердің өкілдері қатысып, құқықтық мәдениет, қаржылық жауапкершілік және азаматтық белсенділік тақырыптары бойынша тәжірибелерімен бөлісті.

Кездесу барысында ҚР Қаржылық мониторинг агенттігінің слайдтары мен бейнематериалдары көрсетіліп, қатысушылардың сұрақтарына жан-жақты жауаптар берілді.

Сообщение Жамбыл: №41 мектеп-гимназиясында қаржылық және цифрлық қауіпсіздік тақырыбында кездесу өтті появились сначала на ZhambylNews АҚПАРАТ АГЕНТТІГІ - Жамбыл облысы жаңалықтары.