ru24.pro
World News
Февраль
2026
1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 11 12 13 14 15 16 17 18 19 20 21 22 23 24 25
26
27
28

ҰҚК Проблемалық кредиттер қорының экс-басшысын ұстады

0

ҰҚК Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл қызметі прокуратураның үйлестіруімен лауазымдық өкілеттігін теріс пайдаланды деген күдікпен Қаржы министрлігінің "Проблемалық кредиттер қоры" АҚ басқармасының бұрынғы төрағасын ұстады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Тергеу материалдарына сәйкес ол жекеменшік иесіне қорға аударылуға тиіс кепіл мүлкін сатудан түскен ақшаны ұстап қалу құқығын заңсыз беріп, мемлекетке 11,4 миллиард теңге көлемінде залал келтірген. Бұдан бөлек, ол мемлекеттік мүлікті төмендетілген құнмен сатқан, соның салдарынан бюджетке 1,3 миллиард теңгеден аса қаражат түспей қалған.

"Сондай-ақ, құжаттарды қолдан жасау арқылы кепілге қойылған жер учаскелерін сатып, қорға 800 миллион теңге көлемінде залал келтірген борышкер компаниялардың меншік иесі мен оның сыбайластары ұсталды", - деп жазылған хабарламада.

Сот санкциясымен олар Қылмыстық кодекстің 190 және 361-баптары бойынша қамауға алынып, мүлікке тыйым салынды. Соталды тергеп-тексеру жүргізіліп жатыр.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!