ru24.pro
World News
Февраль
2026
1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 11 12 13 14 15 16 17 18 19 20 21 22 23 24 25
26
27
28

Тоқаев Грузия премьер-министрімен телефон арқылы сөйлесті

0

Мемлекет басшысы Грузия Премьер-министрі Ираклий Кобахидземен телефон арқылы сөйлесті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап.

Грузия тарапының бастамасымен болған әңгімелесу барысында өзара қарым-қатынастың қазіргі жай-күйі мен даму перспективасы талқыланды.

Қасым-Жомарт Тоқаев пен Ираклий Кобахидзе екіжақты және көпжақты күн тәртібіндегі көптеген мәселе бойынша ынтымақтастықты нығайтуға бейіл екенін растады.

Көлік-транзит, энергетика және туризм секілді бағыттарға басымдық бере отырып, сауда-экономикалық және инвестициялық ықпалдастықты кеңейтудің жай-жапсарына айрықша назар аударылды.

Қасым-Жомарт Тоқаев пен Ираклий Кобахидзе халықаралық және өңірлік күн тәртібіндегі өзекті мәселелер жөнінде пікір алмасты.

Тараптар жоғары деңгейдегі байланыстарды жандандыруға келісті.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!