ru24.pro
World News
Февраль
2026
1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 11 12 13 14 15 16 17 18 19 20
21
22
23
24
25
26
27
28

Бопсалау ісі: Алматыда блогерлерге қатысты үкім шықты

0

Алматы қаласының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты бопсалау дерегі бойынша блогерлерге үкім шығарды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Мән-жайы
Алматыда блогерлер 2025 жылғы 23 қаңтарда ұсталған еді. Олар жәбірленушінің арызы бойынша 10 миллион теңгені алып жатқан сәтте ұсталғаны хабарланды.
Кейін ұсталған блогерлер Дамир Кушеев пен Руслан Каримов екені мәлім болды.
Сот нені анықтады?Іс материалдарына сәйкес, 2025 жылғы 20–22 қаңтар аралығында төрт сотталушы алдын ала сөз байласу арқылы әрекет еткен.

"Жәбірленуші Б.-ға оның атына кір келтіретін мәліметтерді таратамыз деп қорқытып, атқару парақтары бойынша 20 және 23 миллион теңге көлеміндегі қарызды өндіріп алу талабынан бас тартуын, сондай-ақ, оларға 18 миллион теңге көлемінде қолма-қол ақша беруін талап еткен", - делінген хабарламада.

Соталды тергеп-тексеру органдары сотталушы Д.-ға полиция қызметкерінен 40 мың теңге бопсалады деген айып та таққан. Тергеу нұсқасы бойынша, ақша әлеуметтік желілерде ақпарат жариялаймыз деген қорқытумен талап етілген.
Тараптардың ұстанымы
Прокурор әр сотталушыға 10 жыл бас бостандығынан айыру жазасын тағайындауды сұраған.
Сотталушылар кінәсін мойындамай, ақтауды өтінген. Жәбірленушілер нақты мерзімге бас бостандығынан айыру жазасын талап еткен.
Сот шешіміҚР ҚК 194-бабы 4-бөлігі 2-тармағының санкциясы мүлкін тәркілей отырып, 7 жылдан 15 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасын көздейді.

"Алқабилердің үкімімен сотталушылар Д., К., Р. және А. ҚР ҚК 194-бабы 4-бөлігі 2-тармағында көзделген қылмыстық құқықбұзушылықты жасағаны үшін кінәлі деп танылып, әрқайсысы 9 жылға бас бостандығынан айырылды", - делінген хабарламада.

Сот сотталушылардың кәмелетке толмаған балалары барын жеңілдететін мән-жай ретінде ескерген. Ауырлататын мән-жайлар анықталмаған.
Полиция қызметкерінен ақша бопсалау эпизоды бойынша сотталушы Д. ақталды.Үкім заңды күшіне енген жоқ.
Сотталған блогерлер туралы не белгілі?
Дамир Кушеев Instagram желісінде блог жүргізуді пандемия кезінде велосаяхатшы ретінде бастаған. Кейінгі жылдары ол шенеуніктер, полицейлер және прокурорлар туралы видеолар жариялап жүрген. Ол ең төмен қауіпсіздік деңгейіндегі колонияны сынаған және Алматыда еркін жүріп-тұрған сотталған адам туралы видео жариялаған.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!