ru24.pro
World News
Февраль
2026
1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 11 12 13 14 15 16 17
18
19
20
21
22
23
24
25
26
27
28

Ұлттық банк қазақстандықтарға ескерту жасады

0

Ұлттық банк азаматтардың төлем картасын олардың еркінен тыс бұғаттауға қатысты телефон-алаяқтығы жиілеп кеткенін, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Қаскөйлер ашық дереккөздерден (фишингтік сайттар мен қоғамдық орындардағы сауалнамалардан, әлеуметтік желілер мен маркетплейстен) алынған азаматтардың жеке деректерін қолданып, қаржы ұйымдарының байланыс орталығына тұтынушы атынан жүгінеді. Яғни олар банк картасы жоғалғанын айтады, соның салдарынан карта бірден бұғатталады.
Содан соң алаяқтар азаматтарға қоңырау шалып, өздерін банктің қауіпсіздік қызметінің немесе құқық қорғау органдарының өкілі ретінде таныстырады.
"Картаны бұғаттан шығару" немесе ақшаны "қауіпсіз шотқа" аудару сылтауымен SMS-кодтарды, интернет-банкинг құпиясөздерін және CVV/CVC-кодтарын алуға тырысады.
Ұлттық банктің ұсынымдары
Төлем картасы бұғатталған жағдайда картаның екінші бетінде немесе мобильді қосымшада көрсетілген нөмір арқылы банктің ресми колл-орталығына хабарласқан дұрыс.

"Есіңізде болсын, қаржы ұйымдарының қызметкерлері SMS-хабарламада көрсетілген пароль мен кодты ешқашан сұрамайды және мобильді құрылғыны қашықтан басқаратын қосымшаларды орнатуды талап етпейді", - делінген хабарламада.

Сондай-ақ, алаяқтар банкоматтардың маңында да әрекет етуі мүмкін: "картаның бұғатталуы", оның бүлінуі немесе лимиттердің асып кетуі сияқты себептерді айтып, үшінші тұлғаларға ақша аударуды сұрайды әрі сыйақы уәде етеді. Мұндай аударымдар, әдетте, заңға қайшы әрекет саналып, дропперлік әрекет болып қабылдануы мүмкін.
Қаражатыңызды қалай қорғауға болады?

Картаны және оның деректерін бөгде адамдарға бермеу.
Бейтаныс адамдарға ақша аудармау.
Ақпаратты екінші деңгейлі банктердің кол-орталықтарының ресми нөмірлері арқылы қайта тексеру.

Ұлттық банк қызметкерлері жеке тұлғалардың шотына қызмет көрсетпейтінін, аудио және видеоқоңырау шалмайтынын, түрлі инвестициялық пай қорлары мен қаржы өнімдеріне ақшалай салым салуды ұсынбайтынын, қаражатты сақтандырумен айналыспайтынын және халықпен ақшалай есеп айырысу операцияларын жүргізбейтінін еске саламыз.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!