ru24.pro
World News
Февраль
2026
1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 11 12 13 14 15 16
17
18
19
20
21
22
23
24
25
26
27
28

Жоспарлы тексеріс: Қорғаныс министрлігі қазақстандықтарға үндеу жасады

0

Қорғаныс министрлігі Қарулы Күштердің әскери басқару органдары мен әскери бөлімдеріне жоспарлы тексеру жүргізілетінін мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Бұл ақпарат ведомствоның Telegram-арнасында жарияланды.

"Осыған орай 16–18 ақпан аралығында Алматы, Қонаев және Талдықорған қалаларында әскери техниканың қозғалысы жүзеге асырылады. Соған байланысты автожолдардың жекелеген учаскелерінде қозғалысқа уақытша шектеулер енгізілуі мүмкін", - делінген хабарламада.

Министрлік азаматтарды, бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдерін және әлеуметтік желі қолданушыларын жалған ақпаратқа сенбеуге, тек ресми ақпарат көздеріне сүйенуге шақырды.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!