ru24.pro
World News
Февраль
2026
1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 11 12 13 14
15
16
17
18
19
20
21
22
23
24
25
26
27
28

“Түсе алмай қалды“. Алматы тауында 67 жастағы турист әйел құтқарылды

0

Алматының құтқарушылары тауда зардап шеккен 67 жастағы турист әйелге көмектесті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
112 жедел қызмет нөміріне Бутаков шатқалы маңында, теңіз деңгейінен 2000 метрден биікте әйел зардап шеккені туралы хабарлама түсті.
Алдын ала мәлімет бойынша, ол құлап, сан сүйегінен ауыр жарақат алып, өздігінен әрі қарай жүре алмаған.
Зардап шеккен адамға көмекке Құтқару қызметінің құтқарушылары, Алматы қаласы ТЖД-ның 23-ші әмбебап құтқару бөлімшесінің қызметкерлері және Апаттар медицинасы орталығының дәрігерлері шықты.

"ТЖМ-нің жоғары өтімді арнайы көліктерін пайдалану әрекет ету уақытын барынша қысқартуға мүмкіндік берді. Хабарлама түскен сәттен бастап 30 минутқа жетпей-ақ зардап шеккен әйелге алғашқы медициналық көмек көрсетілді", - деп мәлімдеді ТЖМ.

Құтқарушылар зардап шеккен әйелді тау беткейінен төмен түсіріп, әрі қарай ауруханаға жеткізу үшін медицина қызметкерлері бригадасына тапсырды. Онымен бірге болған қызы да апаттық-құтқару көлігімен эвакуацияланды.
Айта кетейік, бұған дейін сарапшы Дамир Ермағамбетов кейінгі уақытта "тауға шығу сәнге айналғанын" атап өткен еді. Көпшілік мұны серуен ретінде қабылдайды, алайда шын мәнінде тауға шығу арнайы дайындықты талап етеді.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!