Тоқаев Иран президентіне хат жолдады
Мемлекет басшысы Иран президентіне құттықтау жеделхатын жолдады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.Қасым-Жомарт Тоқаев Масуд Пезешкианды Иранның төл мерекесі – Ислам Революциясы күнімен құттықтады.
Президент екі ел арасындағы қарым-қатынас қос халықтың игілігі жолында қарқынды дами беретініне сенім білдірді.Қасым-Жомарт Тоқаев Масуд Пезешкианның жауапты қызметіне толағай табыс, ал Иран халқына құт-береке тіледі.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
