ru24.pro
World News
Февраль
2026
1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 11
12
13
14
15
16
17
18
19
20
21
22
23
24
25
26
27
28

Win интернет-казиносы ісі бойынша Maybach, Lamborghini мен қомақты ақша тәркіленді

0

Win интернет-казиносы ісі бойынша Maybach, Lamborghini, миллиондаған теңге, доллар мен еуро тәркіленді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Алматы облысы бойынша ҚМА департаменті заңсыз интернет-казино ұйымдастырған қылмыстық топқа қатысты тергеу жүргізіп жатыр.
Заңсыз қызметті жасыру мақсатында жалған тұлғалардың атына тіркелген байланысы бар заңды тұлғалардың кең желісі пайдаланылған.

"1Win интернет-платформасы 11 мыңнан аса онлайн ойынға, сондай-ақ, спорт және киберспорт оқиғаларына бәс тігуге мүмкіндік берген. Бәс қабылдау және ұтысты төлеу банк карталары, электрон төлем жүйелері және криптовалюта арқылы жүзеге асырылған. Күдіктілерге халықаралық іздеу жарияланды, сырттай қамауға алу түріндегі бұлтартпау шарасы таңдалды", - делінген ҚМА хабарламасында.

Күдіктілердің қылмыстық жолмен алынған мүлкін соталды тәркілеу басталды. Атап айтқанда: Mercedes Maybach S500, Lamborghini Huracan, Toyota Land Cruiser, сондай-ақ шоттардағы қаражат – 151 миллион теңге, 14 600 доллар және 44 400 еуро.
Сот қаулысымен жалпы құны 420 миллион теңгеден асатын мүлік мемлекет кірісіне тәркіленді.
БАӘ-дегі апартаменттер, Rolls-Royce пен Bentley: "Актив Ломбард" иесіне қатысты тергеу аяқталды
Бұған дейін комиссиялық дүкен ретінде жасырынған ірі ломбардтар желісі арқылы заңсыз микрокредит беру схемасы анықталға еді. "Актив Ломбард" желісінің иесі С.С. Койнов комиссиялық қызметті пайдаланып, жеке тұлғаларға жасырын түрде микрокредит берудің заңсыз схемасын ұйымдастырды деген күдікке ілінді.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!