ru24.pro
World News
Январь
2026

Руслан Желдібай қызметінен босатылды

0

Руслан Желдібай Президенттің көмекшісі – баспасөз хатшысы лауазымынан босатылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап.

"Мемлекет басшысының Жарлығымен Руслан Сұлтанұлы Желдібай Қазақстан Республикасы Президентінің көмекшісі – Президенттің Баспасөз хатшысы лауазымынан босатылды", - делінген хабарламада.

Айта кетейік, Руслан Желдібай 2025 жылғы 17 ақпаннан бері Президенттің кеңесшісі - баспасөз хатшысы қызметін атқарып келеді. Бұған дейін Президенттің ішкі саясат және коммуникациялар жөніндегі көмекшісі қызметін атқарған.
2023 жылғы қаңтар мен қыркүйек аралығында Президент әкімшілігі басшысының орынбасары - Президенттің баспасөз хатшысы болған.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!