ru24.pro
World News
Январь
2026
1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 11 12 13 14 15 16 17 18 19 20 21 22 23 24 25 26 27 28
29
30
31

Қазақстанда алдағы күндері ауа райы қандай болады?

0

"Қазгидромет" синоптиктері 29, 30 және 31 қаңтарға арналған ауа райы болжамын ұсынды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Аяз басылады
Алдағы үш тәулікте Қазақстан аумағының басым бөлігі кең антициклонның ықпалында болады. Соған байланысты ауа райы көбіне жауын-шашынсыз болады деп күтіледі.

"Тек елдің батыс, оңтүстік және оңтүстік-шығыс өңірлері атмосфералық фронттардың әсерінде қалады. Бұл аймақтарда жаңбыр мен қар түріндегі жауын-шашын, бұрқасын, көктайғақ күтіледі. Түркістан облысының таулы аудандарында 31 қаңтарда қатты жауын-шашын болады. Қазақстан бойынша тұман түсіп, желдің күшеюі болжанады", – деді синоптиктер.

Ауа температурасы қандай болады?
Метеорологтар мәліметінше, Қазақстан аумағында ауа температурасы біртіндеп жоғарылайды. 31 қаңтарда күндіз ауа температурасы:

Қазақстанның батысында, оңтүстігінде және оңтүстік-шығысында – 5 градус аяздан 5 градус жылыға дейін,солтүстік-батысында, солтүстігінде, шығысында және орталық өңірлерінде – 2–10 градус аяз болады.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!