ru24.pro
World News
Январь
2026

Жаңа еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі тағайындалды

0

Асқарбек Ертаев еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі болып тағайындалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап.

"Мемлекет басшысының Жарлығымен Асқарбек Маратұлы Ертаев Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі болып тағайындалды", - делінген хабарламада.

Айта кетейік, бұған дейін Светлана Жақыпова еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі қызметінен босатылғаны хабарланды.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!