ru24.pro
World News
Январь
2026
1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 11 12 13 14 15 16 17 18 19 20 21 22 23 24 25 26 27
28
29
30
31

Нұркентте 4 жасар ұлын сабаған әйел қамауға алынды

0

Желіде баласын аяусыз ұрып-соққан видеосы тараған әйел қамауға алынды. Бұл туралы Жетісу облысы Полиция департаменті хабарлады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Ресми мәліметке сәйкес, 28 жастағы әйелге қатысты қылмыстық іс ҚК-нің 110-бабы 2-бөлігі бойынша тергеліп жатыр. Аталған бап 4 жылдан 7 жылға дейін бас бостандығынан айыруды көздейді. Тергеу кезеңінде күдікті қамауда болады.
Ведомство мәліметінше, қазір қажетті тергеу әрекеттері жүргізіліп, сот-психиатриялық сараптаманы қоса алғанда бірқатар сараптама тағайындалған. Қорытындылар дайын болғаннан кейін процессуалдық шешім қабылданады.
Айта кетейік, оқиға Жетісу облысы Панфилов ауданына қарасты Нұркент ауылындағы көпқабатты үйлердің бірінде болған. 4 жастағы баланы ұрып-соғу сәті видеоға түсіріліп, кадрлар желіде тарады. Бұл қоғамда үлкен резонанс тудырды.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!