ru24.pro
World News
Январь
2026
1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 11 12 13 14 15 16 17 18 19 20 21 22 23 24 25 26
27
28
29
30
31

Алматыда ер адам автобус жүргізіп келе жатып қайтыс болды

0
Алматыда автобус жүргізушісі қайтыс болды. Әлеуметтік желіде оқиғаның видеосы тарады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Massaget.kz-ке сілтеме жасап.
"Алматыэлектротранс" ЖШС №92 автобуста болған төтенше жағдайға байланысты пікір білдірді.

"25 қаңтарда сағат 14:35-те диспетчерлік қызметке №92 автобус жүргізушісінің денсаулығы кенет нашарлағаны туралы хабарлама түсті. Оқиға Абай даңғылы мен Сайын көшесі қиылысында болды. Жолаушылардың бірі жедел әрекет етіп, жүргізушінің кабинасына кіріп, тежегішті басып, қауіптің алдын алды", - деп жазылған хабарламада.

Жолаушылар дереу жедел жәрдем шақырған. Оқиға орнына келген дәрігерлер жүргізуші қайтыс болғанын анықтаған. Алдын ала диагноз - миокард инфаркті.

"Оқиға орнына Әуезов ауданы жол полициясы басқармасының қызметкерлері келді. Автобусқа техникалық зақым келмеген, жолаушылар арасында зардап шеккен жоқ", - деп жазылған хабарламада.


Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!