ru24.pro
World News
Январь
2026
1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 11 12 13 14 15 16 17 18 19 20 21 22
23
24
25
26
27
28
29
30
31

“Кастетпен ұрған“. Алматыда жаппай төбелес болды

0
Әлеуметтік желілерде Алматыда болған жаппай төбелестің видеосы тарады. Жағдайға полицияның баспасөз қызметі пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Видео
Telegram-арналардың бірінде төбелес түсірілген видео жарияланды.

"Әлеуметтік желілерде жаппай төбелестің видеосы тарап жатыр. Онда бұл оқиға мұз айдынында болғаны айтылған. Біреу жігітті кастетпен ұрған", – делінген жазбада.


Видеоны мына сілтеме арқылы көруге болады.
Полиция жауабы
Алматы ПД баспасөз қызметі аталған дерек бойынша Түрксіб аудандық Полиция басқармасында қылмыстық іс қозғалғанын хабарланды.

"Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында күдіктілер анықталып, полиция бөліміне жеткізілді. Алдын ала мәлімет бойынша, жастар арасындағы жанжал тұрмыстық себептермен туындаған. Оқиғаның барлық мән-жайы анықталып жатыр", – деп мәлімдеді баспасөз қызметі.

Полиция департаментінде қақтығысқа қатысқан әрбір адамның әрекетіне заң аясында құқықтық баға берілетінін атап өтті.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!