ru24.pro
World News
Январь
2026
1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 11 12 13 14 15 16 17 18 19 20
21
22
23
24
25
26
27
28
29
30
31

Қазақстанның мемлекеттік туын қайда және қашан қолданған жөн? Президент түсіндірді

0

Ұлттық құрылтай отырысында сөз сөйлеген Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекеттік туды қайда және қалай дұрыс пайдалану керектігін түсіндіріп, елдің рәміздерін құрметтеудің маңыздылығын атап өтті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Отаншылдық дегеніміз – әрине, Отанға деген сүйіспеншілік деген сөз. Алайда, Отан алдындағы жауапкершілігіңді сезініп, перзенттік парызыңды өтеуге талпынбасаң, "отаншылмын, патриотпын" деген сөзіңнің құны көк тиын болмақ.
Қазір қоғамда "Қазақстанның мемлекеттік Туын қайда және қашан қолданған жөн?" деген маңызды мәселе талқыланып жатыр. Бұл мәселе арнайы нормалармен және ережелермен реттеледі. Мемлекеттік рәміздерді пайдалануға жеңіл-желпі, салғырт қарауға болмайды. Заң талабы әрдайым орындалуға тиіс", - деді Президент.

Дегенмен, Президент ең алдымен, заңның түпкі мәнін терең түсіну керек екенін айтты. Мемлекеттік рәміздерді қадірлеп, оларды жөнімен пайдаланатын отаншыл азаматтарды барынша қолдау қажет.

"Мен үйлерде, көліктерде, көшелерде, сондай-ақ еліміздегі, әсіресе, шетелдегі спорттық және іс-шараларда көк Туымыз желбіреп тұрғанда қуанып қаламын. Сол арқылы еліміздің азаматтары бірлігі бекем ұлт екенімізді көрсетеді. Олардың әрекеттерінен туған елін мақтан тұтатыны байқалып тұрады", - деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!