ru24.pro
World News
Январь
2026
1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 11 12 13 14 15 16 17 18 19
20
21
22
23
24
25
26
27
28
29
30
31

Трамп Тоқаев пен Қазақстанды бейбітшілік кеңесіне шақырды

0

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев АҚШ президенті Дональд Трамптан Газа бойынша Бейбітшілік кеңесінің құрамына кіруге ресми шақырту алды. Сонымен қатар Қазақстанға осы кеңесті құрушы мемлекеттердің бірі болу ұсынылды. Бұл туралы Tengrinews.kz тілшісіне Президенттің көмекшісі - баспасөз хатшысы Руслан Желдібай айтты.
АҚШ президенті бастамашы болған Бейбітшілік кеңесіне бірқатар елдердің көшбасшылары шақырылған. Аргентина, Венгрия, Түркия, Пәкістан, Мысыр, Иордания, Қатар және Италия бұл ұсынысты қабылдағанын растады. Сондай-ақ Франция, Германия және БАӘ басшыларына да шақырту жолданған, алайда олардан әзірге ресми жауап жоқ.
Осы орайда дипломатиялық ортада журналистер арасында Қасым-Жомарт Тоқаевтың да шақырту алғаны жөнінде әңгіме тараған еді. Осыған байланысты Tengrinews.kz Ақорданың Ақ үйден Бейбітшілік кеңесіне қатысуға ресми шақыру алған-алмағанын сұрады.
Руслан Желдібай бұл ақпаратты растады.

"Мемлекет басшыларының бірқатар мәлімдемесінен кейін АҚШ президенті Дональд Трамптан келген осындай ресми үндеуді жасыру дұрыс болмас еді. Иә, Президент Қасым-Жомарт Тоқаев әлемдік көшбасшылардың алғашқыларының бірі болып Бейбітшілік кеңесінің құрамына кіруге, ал Қазақстанға осы кеңесті құрушы мемлекеттерінің бірі болуға ресми шақырту алды. Бұған жауап ретінде Мемлекет басшысы АҚШ президентіне шынайы алғысын білдіріп, осы жаңа бірлестіктің құрамына кіруге келісімін растайтын хат жолдады. Президент Қазақстанның Таяу Шығыста берік бейбітшілікке қол жеткізуге, мемлекетаралық сенімді нығайтуға және жаһандық тұрақтылықты қамтамасыз етуге өз үлесін қосуға ұмтылысын растады", - деді Руслан Желдібай.

Президент әкімшілігі бұл ақпаратты бұған дейін жария етпеу себебін де түсіндірді. Оның сөзінше, Ақ үйдің ресми мәлімдемесіне дейін бұл туралы жариялау этикалық тұрғыдан дұрыс емес деп саналған.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!