Алматыда автобус жүргізушісіне шабуыл жасалған: видео
Әлеуметтік желілерде жолаушылар автобусындағы оқиғаның видеосы тарады. Белгісіз адам жүргізушіге шабуыл жасап, терезесін сындырған. Полиция басты күдіктіні ұстады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Не болған?Әлеуметтік желілерде оқиғаның видеосы тарады. Кадрларда ер адамның алдымен жүргізушімен сөзге келіп, кейін автобустың әйнегін сындырғаны көрінеді.
Алдын ала мәлімет бойынша, оқиға 15 қаңтарда таңғы сағат 6 шамасында №239 маршрутта болған.
Полиция пікірі
Алматы облысы Полиция департаменті Tengrinews.kz тілшісіне бұзақылық дерегі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталғанын хабарлады.
"Белгісіз ер адам қала көшелерінің бірінде қоғамдық автобустың терезесін қасақана сындырғаны анықталды. Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында полиция қызметкерлері үш күдіктіні анықтап, ұстады. Қазіргі уақытта негізгі фигурант қамауға алынды", – деп мәлімдеді ведомство.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
