ru24.pro
World News
Январь
2026
1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 11 12 13 14 15 16
17
18
19
20
21
22
23
24
25
26
27
28
29
30
31

Оңтүстік Қазақстанда ер адам әкесін өлгенше соққыға жыққан: сот үкімі шықты

0
Түркістан облысының Жетісай аудандық сотында қарт әкесін жүйелі түрде ұрып-соғып келген жергілікті тұрғынға қатысты резонанс тудырған қылмыстық іс аяқталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Сот қандай үкім шығарды?
Бүгін, 16 қаңтарда сот айыпталушыны Қылмыстық кодекстің екі бабы бойынша кінәлі деп таныды:

110-баптың 2-бөлігі 1-тармағы "Көрiнеу кәмелетке толмаған адамға немесе кiнәлi адамға дәрменсiз күйде екенi көрінеу белгiлi не кiнәлi адамға материалдық немесе өзгедей тәуелдi адамға, сол сияқты ұрланған не кепiл ретiнде қолға түсiрілген адамға қатысты қинау",
107-баптың 2-бөлігі 3-тармағы "Аса қатыгездiкпен, сол сияқты кiнәлi адамға дәрменсiз күйде екенi көрінеу белгiлi не кінәлі адамға материалдық жағынан немесе өзгеше түрде тәуелді адамға қатысты денсаулыққа қасақана ауырлығы орташа зиян келтiру".


"...сот айыпталушыға орташа қауіпсіздік мекемесінде түпкілікті 5 жылға бас бостандығынан айыру жазасын тағайындады", – деп үкімді судья оқып берді.

Не болған?
"Бүкіл қазақ халқынан кешірім сұраймын": әкесін өлгенше сабаған ер адам сотта жылап жіберді
Әлеуметтік желіде әкесін ұрып-соққан ер адамның видеосы тарады. Кейінірек бұл дерек бойынша қылмыстық іс қозғалды. Күдікті ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды.
Полиция қария қайтыс болғаннан кейін оның ұлына қатысты қылмыстық іс қозғалғанын мәлімдеді. Сондай-ақ, марқұмның келініне қатысты да тергеу жүргізіліп, қылмыстық іс қозғалған.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!