ru24.pro
World News
Январь
2026
1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 11 12 13 14
15
16
17
18
19
20
21
22
23
24
25
26
27
28
29
30
31

Оқу-ағарту министрі мектеп директорларын 2+2 жүйесімен тағайындауды ұсынды

0

Қазақстанда мектеп директорлары енді екі жылға тағайындалып, жақсы нәтиже көрсетсе қызметі тағы екі жылға созылады. Бұл оқу-ағарту министрі Жұлдыз Сүлейменова мәлімдеді.

"Министр ретінде позициям, директордың қызмет мерзімі екі жыл болуы керек. Екі жылда білім сапасы, балалардың нәтижесі жақсы болып, қауіпсіздік мәселесі, мұғалімдердің біліктілік мәселесі жақсы жолға қойылса, директордың жұмыс мерзімін бір мәрте тағы екі жылға созуға болады. Қазір бұл мәселе министрлікке бұйрық ретінде енгізілді" деді министр 14 қаңтарда Оқу-ағарту және балалардың құқықтарын қорғау жөніндегі қоғамдық кеңестің отырысында.

Қазір елде мектеп директорлары 4 жылға тағайындалады. Бірақ мектептерде мектеп директорларының ротациясы жиі бола бермейді. 2021 жылы министрлік кейбір мектептерде директорлар 10 жылдан аса уақыт отырған мойындаған.