ru24.pro
World News
Январь
2026
1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 11 12 13 14 15
16
17
18
19
20
21
22
23
24
25
26
27
28
29
30
31

Шымкентте 21 жастағы студентті пышақтап өлтірді деген күдікті ұсталды

0
Шымкентте қызды өлтірді деген күдікті ұсталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Полиция қызметкерлері жедел іздестіру іс-шаралары барысында 21 жастағы тұрғынды өлтірді деген күдікті ер адамды ұстады.

"Іздеу жұмыстарына қалалық Полиция департаментінің жеке құрамы толық жұмылдырылды. Қаланың кіреберіс және шығаберіс бағыттарында бақылау күшейтіліп, аумақ жан-жақты тексерілді. Күдікті қала аумағынан шамамен 10 шақырым қашықтағы ашық жерде ұсталды", - деді Шымкент ПД өкілі.

Қазір 28 жастағы ер адам уақытша ұстау изоляторына қамалған.

"Алдын ала мәліметке сәйкес күдікті марқұммен бұрын таныс болған. Қылмыстың себептері мен мән-жайы тергеу барысында анықталады. Бұл жайт бойынша қылмыстық іс қозғалып, кешенді жедел тергеу шаралары жүргізіліп жатыр", - деді полиция.


Еске салайық, 11 қаңтарда Шымкентте пышақ жарақаттарынан 21 жастағы қыз көз жұмды.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!