ru24.pro
World News
Декабрь
2025

Алматыдан Қонаевқа дейінгі тасжол уақытша жабылды

0

Алматы облысында көлік қозғалысына шектеу енгізілді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"2025 жылғы 1 желтоқсан сағат 7:15-те Алматы облысында ауа райының нашарлауына (қалың тұман, жолдың көрінбеуіне) байланысты "Алматы–Талдыкорған–Өскемен–Шемонаиха–РФ шекарасы" автожолының 25–67 шақырымдары (ААП–Қонаев) аралығында барлық көлік түрі үшін қозғалысқа шектеу енгізілді", - делінген хабарламада.

Жолды 2025 жылғы 1 желтоқсан сағат 10:00-де ашу жоспарланған.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!