ru24.pro
World News
Ноябрь
2025
1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 11 12 13
14
15
16
17
18
19
20
21
22
23
24
25
26
27
28
29
30

Қазақстанның уран қоры қаншаға жетеді?

0

Атом энергиясы жөніндегі агенттік төрағасының орынбасары Ғұмар Серғазин Қазақстандағы уран қоры қанша уақытқа жететіні туралы сұраққа жауап берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Серғазиннің айтуынша, елімізде шамамен 1 миллион тонна табиғи уран бар және бұл көлем ұзақ мерзімді қажеттіліктерді қамтамасыз етуге жеткілікті.

"Уран біздің ұлттық атом электр станцияларын қамтамасыз етуге жеткілікті болады. Бүгінде уәкілетті органның ресми ақпараты бойынша шамамен 1 миллион тонна табиғи уран қоры бар", - деді Серғазин Сенат кулуарында.

Сондай-ақ, ол Қазақстан Финляндиямен келіссөздер жүргізіп жатқанын атап өтті. Онда екі атом станциясы жұмыс істейді және уран жеткізу бойынша келісімшарттар жасалған.

"Қор 60 жылдан аса уақытқа жетеді" - деді агенттік өкілі.

Айта кетейік, ресми деректерге сәйкес, уран қоры бойынша Қазақстан әлемде Австралиядан кейін екінші орында тұр.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!