ru24.pro
World News
Ноябрь
2025

Тоқаев бүкіл Қазақстан бойынша судьяларды ауыстырды

0
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев бірқатар судьяны лауазымға тағайындап, бірқатарын қызметінен босатты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Мемлекет басшысы 2025 жылғы 10 қарашадағы "Қазақстан Республикасы соттарының төрағаларын, сот алқасының төрағасы мен судьяларын лауазымға тағайындау және лауазымнан босату туралы" жарлыққа қол қойды.
Төраға лауазымына:
Алматы бойынша:

әкімшілік құқық бұзушылықтар жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотқа Раисов Тимур Төлегенұлы;мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотқа Нұрбеков Айбар Баймаханұлы;

Ақмола облысы бойынша:

Сандықтау аудандық сотына Сәдірмекова Арайлым Тәліпбекқызы;Степногорск қалалық сотына Қалиасқарова Салтанат Жақыпқызы, осы облыстың Бурабай аудандық сотының судьясы лауазымынан босатыла отырып;

Ақтөбе облысы бойынша:

Ақтөбе қаласының № 2 сотына Избағамбетова Сандуғаш Жақияқызы;Әйтеке би аудандық сотына Бертанов Талғатбек Батырбайұлы, осы облыстың Темір аудандық сотының судьясы лауазымынан босатыла отырып;

Атырау облысы бойынша:

Мақат аудандық сотына Орыспаев Құрмет Орыспайұлы;

Батыс Қазақстан облысы бойынша:

Ақжайық ауданының № 2 аудандық сотына Ғомарова Тамара Сәлімжанқызы, осы облыстың Сырым аудандық сотының судьясы лауазымынан босатыла отырып;Бөкей ордасы аудандық сотына Шынғалиев Марат Энгельсұлы, осы облыстың мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының судьясы лауазымынан босатыла отырып;Орал қаласының № 2 сотына Суханова Гүлдана Ыбырайқызы;

Қостанай облысы бойынша:

Әулиекөл аудандық сотына Оспанова Балжан Қайыргелдіқызы;Қамысты аудандық сотына Ертаева Ғалия Қайырқанқызы, Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы аудан сотының судьясы лауазымынан босатыла отырып;Қостанай қалалық сотына Сәдуақасов Жұмабек Майқыбиұлы;

Солтүстік Қазақстан облысы бойынша:

Шал ақын ауданының ауданаралық сотына Омаров Рүстем Қошқарұлы, осы облыстың Петропавл қаласының № 2 сотының судьясы лауазымынан босатыла отырып;

Түркістан облысы бойынша:

Ордабасы аудандық сотына Сатыбалдиева Айжан Құлманқызы Шымкент қаласының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының судьясы лауазымынан босатыла отырып;

Шығыс Қазақстан облысы бойынша:

Өскемен қаласының әкімшілік құқық бұзушылықтар жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотына Жүнісова Жанат Ниетқабылқызы;Өскемен қаласының қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық сотына Жақсыбекова Нұргүл Айтбекқызы, осы облыстың қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының судьясы лауазымынан босатыла отырып тағайындалсын.

Судья лауазымына:
Астана бойынша: азаматтық істер жөніндегі ауданаралық сотқа

Бурабаев Дулат Қайдарұлы Қарағанды облысының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының судьясы лауазымынан босатыла отырып;Ибраева Назгүл Ерқанатқызы Шығыс Қазақстан облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының судьясы лауазымынан босатыла отырып;Қалиева Арайлым Қадылбекқызы Қарағанды облысы Балқаш қалалық сотының судьясы лауазымынан босатыла отырып;

қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық сотқа

Әлиева Ақмарал Хәкімқызы Ақтөбе облысы Ақтөбе қаласының № 2 сотының судьясы лауазымынан босатыла отырып;Жүнісов Данияр Төлендіұлы Қостанай облысы Қамысты аудандық сотының судьясы лауазымынан босатыла отырып;

мамандандырылған ауданаралық тергеу сотына

Қиянбекова Әсел Ерланқызы Ұлытау облысы Жезқазған қаласының мамандандырылған тергеу сотының судьясы лауазымынан босатыла отырып;

мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотқа

Көшенов Асламбек Киікбайұлы Солтүстік Қазақстан облысы Петропавл қаласының әкімшілік құқық бұзушылықтар жөніндегі мамандандырылған сотының судьясы лауазымынан босатыла отырып;Сапарбек Аида Түркістан облысы Түркістан қаласының ауданаралық сотының судьясы лауазымынан босатыла отырып;

Алматы бойынша:
Бостандық аудандық сотына

Бөрі Мират Қайратұлы, Алматы облысы Қарасай аудандық сотының судьясы лауазымынан босатыла отырып;

мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотқа

Ахметова Ардақ Бауыржанқызы Алматы облысы Қарасай аудандық сотының судьясы лауазымынан босатыла отырып;Әбдіқаниев Рамшит Нұрғабылұлы;
Жолболдиева Дария Оразалықызы Жамбыл облысы Мойынқұм аудандық сотының судьясы лауазымынан босатыла отырып;

Медеу аудандық сотына

Әметқұлов Қанат Аманкелдіұлы;

Абай облысы бойынша:

Бородулиха аудандық сотына Амарханов Нұрсұлтан Николайұлы;кәмелетке толмағандар істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотқа Тұрысбекова Меруерт Сәкенқызы;

Ақмола облысы бойынша:

Көкшетау қаласының әкімшілік құқық бұзушылықтар жөніндегі мамандандырылған сотынаЖәшібеков Әмір Хафизұлы;мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотқа Дүйсенова Камиля Қадыржанқызы;

Ақтөбе облысы бойынша:
Ақтөбе қаласының сотына

Бекқожина Динара Абзалқызы;Ізбасова Алина Ерболқызы;

Ақтөбе қаласының № 2 сотына

Қайболдин Жаслан Мұратұлы;Қалиева Нұршат Жеделбайқызы;

қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотқа

Исмаилова Индира Асылханқызы осы облыстың Қобда аудандық сотының судьясы лауазымынан босатыла отырып;

Алматы облысы бойынша:

қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотқа Садықова Эльмира Сансызбайқызы;мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотқа Рамазанов Азат Асқарұлы осы облыстың Қарасай әкімшілік құқық бұзушылықтар жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының судьясы лауазымынан босатыла отырып;мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотқа Ғалымов Диас Манатұлы;

Батыс Қазақстан облысы бойынша:

мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотқа Тәкеева Саяхат Әнуарқызы;Орал қаласының № 2 сотына Рамазанов Данияр Рамазанұлы;

Жамбыл облысы бойынша:

Қордай аудандық сотына Ысқақов Кеніш Илесұлы;Тараз қалалық сотына Әлімқұлова Инара Базылбекқызы;Тұрар Рысқұлов ауданының сотына Қамбарбек Қали Әуелбекұлы;

Жетісу облысы бойынша:

мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотқа Нұрболұлы Азат;

Қарағанды облысы бойынша:

Қарағанды қаласы Әлихан Бөкейхан ауданының № 2 сотына Хасенова Анар Саматқызы осы облыстың Нұра аудандық сотының судьясы лауазымынан босатыла отырып;

Қостанай облысы бойынша:

Әулиекөл аудандық сотына Симиютина Елена Анатольевна;

Қызылорда облысы бойынша:

Қызылорда қаласының әкімшілік құқық бұзушылықтар жөніндегі мамандандырылған сотына Абылаева Айгүл Әуелбекқызы;мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотқа Әбдіқалықов Олжас Исаұлы осы облыстың Қызылорда қаласының әкімшілік құқық бұзушылықтар жөніндегі мамандандырылған сотының судьясы лауазымынан босатыла отырып;

Маңғыстау облысы бойынша:

кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотқа Жұмаева Мәншүк Мұхамедқызы осы облыстың Қарақия аудандық сотының судьясы лауазымынан босатыла отырып;Мұнайлы аудандық сотына Қазиев Ерсін Айтбайұлы;

Павлодар облысы бойынша:

мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотқа Сейілғазинова Әлия Шорманқызы осы облыстың Екібастұз қалалық сотының судьясы лауазымынан босатыла отырып;Павлодар қаласының азаматтық істер жөніндегі ауданаралық сотына Кочерга Лаура Ильдусовна;

Түркістан облысы бойынша:

кәмелетке толмағандар істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотқа Әбдіраманов Есбол Жүнісәліұлы осы облыстың Кентау қалалық сотының төрағасы лауазымынан босатыла отырып;мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотқа Құрамысов Берік Полатбекұлы, осы облыстың Кентау қалалық сотының судьясы лауазымынан босатыла отырып;Сайрам аудандық сотына Беғалиев Асқат Омарқұлбекұлы;

Шығыс Қазақстан облысы бойынша:

Күршім аудандық сотына Мизимбаев Думан Сәрсенбекұлы;Өскемен қаласының қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық сотына Тәкенова-Шакиртова Әсел Еділқызы;Риддер қалалық сотына Жансұлтанова Эльвира Құмарбекқызы;Тарбағатай аудандық сотына Тәтімбеков Данияр Төлегенұлы тағайындалсын.

Атқаратын лауазымынан босатылсын:

Солтүстік Қазақстан облыстық сотының азаматтық істер жөніндегі сот алқасының төрағасы Ыбыраев Алмаз Серікұлы орнынан түсуіне байланысты;

Алматы қалалық сотының судьялары

Исабаева Ақмарал Ахмеджанқызы орнынан түсуіне байланысты;Молдашев Қанат Шәдіұлы орнынан түсуіне байланысты;Мырзакәрім Рустем Мырзакәрімұлы орнынан түсуіне байланысты;



Атырау облыстық сотының судьясы Нұржанова Бағила Баймұратқызы орнынан түсуіне байланысты;

Қарағанды облыстық сотының судьялары

Аманжолов Нұрбек Әбдіманапұлы орнынан түсуіне байланысты;Маймақов Бақытжан Қошқарбайұлы орнынан түсуіне байланысты;



Павлодар облыстық сотының судьясы Ыбраев Нұрлан Саматұлы орнынан түсуіне байланысты;

Астана бойынша:

азаматтық істер жөніндегі ауданаралық сотының судьясы Ысқақбекова Сәулет Майданқызы орнынан түсуіне байланысты;

Алматы бойынша:

Түрксіб аудандық сотының судьясы Жылқыбаева Айсара Сәтқызы зейнеткерлік жасқа толуына байланысты;

Шымкент бойынша:

әкімшілік құқық бұзушылықтар жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының төрағасы Қалдаров Ғалым Қалижанұлы судья өкілеттігін тоқтата отырып, тәртіптік теріс қылық жасағаны үшін судья лауазымынан босату қажеттігі туралы Сот жюриінің шешімі бойынша;қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық соттың судьясы Мыстаев Мақсат Ғанибекұлы орнынан түсуіне байланысты;

Алматы облысы бойынша:

мамандандырылған ауданаралық экономикалық соттың төрағасы Қожахметов Берік Ақышханұлы өкілеттік мерзімінің өтуіне байланысты, осы соттың судьясы етіп қалдыра отырып;

Ақмола облысы бойынша:

Жарқайың аудандық сотының судьясы Сағынова Гүлмира Маратқызы өз тілегі бойынша;Көкшетау қалалық сотының судьясы Қожамұратов Сержан Ақылбайұлы өз тілегі бойынша;

Жамбыл облысы бойынша:

мамандандырылған ауданаралық экономикалық соттың судьясы Ясарова Руқия Қартқұлқызы зейнеткерлік жасқа толуына байланысты;

Жетісу облысы бойынша:

Ақсу аудандық сотының төрағасы Шәймерденов Нұрлан Садықұлы соттың айыптау үкімінің заңды күшіне енуіне байланысты;

Қостанай облысы бойынша:

Қостанай ауданаралық сотының судьясы Жарасбаев Жұмаш Рамазанұлы өз тілегі бойынша;

Маңғыстау облысы бойынша:

Ақтау қалалық сотының төрағасы Шайдуллин Бауыржан Жауымбайұлы соттың айыптау үкімінің заңды күшіне енуіне байланысты;

Түркістан облысы бойынша:

Қазығұрт аудандық сотының судьясы Жұмабаев Нұржан Әмзебайұлы орнынан түсуіне байланысты;

Шығыс Қазақстан облысы бойынша:

мамандандырылған ауданаралық экономикалық соттың судьясы Оразбаев Салық Қанатұлы басқа жұмысқа ауысуына байланысты босатылсын.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!