ru24.pro
World News
Октябрь
2025

Астанада Ержан Бабақұмаров қайтыс болды

0

Астанада түнде 90-жылдардан бері мемлекеттік құрылымдарда әртүрлі қызмет атқарған Ержан Бабақұмаров қаза тапты. Полиция мәліметінше, экс-шенеунік соққыға жығылған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Алдын ала мәлімет бойынша, бұрын таныс болған адамдар арасында ауызша жанжал туындап, соңы төбелеске ұласқан. Салдарынан 56 жастағы Бабақұмаров алған жарақаттарынан көз жұмған.

Күдікті ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Қылмыстық іс қозғалып, сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатқаны айтылды.

Ержан Бабақұмаров 1969 жылы 2 наурызда Талдықорған облысында дүниеге келген. Саяси ғылымдар кандидаты.

1996 жылдан бастап мемлекеттік қызметте жұмыс істеген. Президент Әкімшілігінің ішкі саясат бөлімі меңгерушісінің орынбасары, ақпараттық-талдау орталығының меңгерушісі болған. Мәдениет және ақпарат министрлігінде жауапты хатшы және вице-министр қызметтерін атқарған. Премьер-министр канцеляриясы басшысының орынбасары, Президент жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінің директоры, Мемлекет басшысының кеңесшісі – Президент Әкімшілігінің талдау және болжау орталығының меңгерушісі қызметтерін де атқарған.

2019 жылдың шілдесінен 2022 жылдың ақпанына дейін Алматы әкімінің орынбасары болған.

Биыл Ержан Бабақұмаровтың Астанада мас күйінде көлік жүргізгені үшін ұсталғаны хабарланған еді. Сот оған 15 тәулік қамау жазасын тағайындап, жүргізуші куәлігінен 7 жылға айырған.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!