ru24.pro
World News
Октябрь
2025
1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 11 12 13 14 15 16 17 18 19 20 21 22 23 24 25 26
27
28
29
30
31

"Қайрат" екінші жыл қатарынан Қазақстан чемпионы атанды

0

Футболдан Алматының «Қайрат» командасы Қазақстан чемпионы атанды. Соңғы турда «Қайрат» Алматыда басты қарсыласы «Астана» клубымен ойнап, 1:1 есебімен тең түсті. Осылайша «Қайрат» 59 ұпаймен бірінші, «Астана» 57 ұпаймен екінші орынды иеленді.

Соңғы турда «Қайратқа» тең нәтиже, «Астанаға» жеңіс керек еді. Ойынның 15-минутында хорватиялық Марин Томасов есеп ашып, «Астананы» алға шығарған. Ал 56-минутта Қазақстан құрамасының ойыншысы Дастан Сәтпаев есепті теңестіріп кетті.

Қазақстан чемпионатының қола жүлдесі қостанайлық «Тобыл», төртінші орынды семейлік «Елімай» командасы иеленді.

Келесі жылы «Қайрат» Чемпиондар лигасының іріктеуіне, «Астана», «Тобыл», «Елімай» Конференция кубогының іріктеуіне қатысады.