Алматыда опырылып кеткен жолды техникалық қадағалаған компания аккредитациясынан айырылды
Яссауи мен Дастан көшелерінің қиылысындағы асфальттың опырылу дерегінен кейін Алматының Қала құрылысын бақылау басқармасы "Достық" шағынауданында инженерлік желілердің құрылысына қатысты жоспардан тыс тексеру жүргізді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Техникалық қадағалауды жүзеге асырған "Алатау сапа құрылыс" ЖШС-не тиісті бақылау жүргізбегені үшін әкімшілік шара қолданылды. Компания осы қызмет түрі бойынша аккредитациясынан айырылды.
"Ал жобадан ауытқып, құрылыс нормаларын сақтамаған "СПЕЦКОММУНСТРОЙ" ЖШС-не анықталған заңбұзушылықтарды жою туралы нұсқама берілді.
Дархан Сатыбалдының тапсырмасына сәйкес, Алматыда құрылыс-монтаж жұмыстарына бақылау күшейтілгені айтылды.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
