Қарағанды облысында жол ашылды
ҚазАвтоЖол Қарағанды облысында көлік қозғалысы ашылғанын хабарлады.
Бүгін, 13 қазан сағат 07:30-да келесі республикалық маңызы бар жолдарда барлық көлік түрлері үшін қозғалыс ашылды:
— «Қарағанды–Аягөз–Боғаз» 64–217 шақырым (Ботақара ауылы – Қарқаралы қаласы)
1403 байланыс орталығына хабарласып, тәулік бойы қосымша ақпарат алуға болады.
Айта кетейік, 2025 жылғы 12 қазан сағат 21:00-де ауа райының күрт бұзылуына байланысты «Қарағанды-Аягөз-Боғаз» автожолының 64-217 шақырым аралығында (Ботақара-Қарқаралы) көлік құралының барлық түрінің қозғалысына шектеу қойылды.
Қазір көптеген жүргізуші әлі күнге дейін жазғы шинамен жүр. Бұл да көлік қозғалысы шектелуінің бір себебі.
Сообщение Қарағанды облысында жол ашылды появились сначала на ZhambylNews АҚПАРАТ АГЕНТТІГІ - Жамбыл облысы жаңалықтары.
