ru24.pro
World News
Октябрь
2025
1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 11 12
13
14
15
16
17
18
19
20
21
22
23
24
25
26
27
28
29
30
31

Қазақстанда жылыту маусымы көмір тапшылығымен басталмақ

0

Жылыту маусымы қарсаңында өңірлер 65 пайыз көлемінде көмірмен қамтамасыз етілген. Бұл туралы Энергетика министрлігінің мемлекеттік энергетикалық қадағалау және бақылау комитетінің отырысында айтылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Жиынға "Қазақстан Темір Жолы "ҰК" АҚ өкілдері, көмір өндіруші кәсіпорындар мен сыртқы сауда қызметінің мамандары қатысты. Өңірлердегі көмір дайындау жоспары орындалуы, жартылай вагондармен қамтамасыз етілуі, сондай-ақ, өңірлік операторлардың қызметі туралы есептер тыңдалды.

"Бүгінде халық пен коммуналдық-тұрмыстық сектордың жылыту маусымына қажеттілігі - 7,4 миллион тонна көмір. Өңірлер бойынша көмір дайындау көлемі 4,8 миллион тоннаға жетті, бұл - жоспардың 65 пайызы. Энергетика министрлігі өңірлерді көмірмен қамтамасыз ету мәселесін ерекше бақылауда ұстайды", - деп жазылған хабарламада.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!