Маңғыстау облысында тойға келген қонақтардың төбелескен видеосы тарады
Маңғыстау облысы Мұнайлы ауданында өткен салтанатты шараның аяғы төбелеске ұласты. Оқиға бойынша қылмыстық іс қозғалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Оқиғаның видеосы әлеуметтік желіде жарияланды. Кадрда ақ көйлек киген жастардың көше бойында төбелесіп жатқаны көрінеді.
Маңғыстау облыстық полиция департаментінің мәліметінше, оқиға 31 шілдеде болған. Қонақтар арасында ауызша жанжал төбелеске ұласқан.
"Төбелескендер анықталып, ұсталды. Олар - 2004-2005 жылдары туған жастар. Бұл дерек бойынша ҚР ҚК 293-бабы - бұзақылық бойынша қылмыстық іс қозғалды. Оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр", - деді ПД өкілдері.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!