ru24.pro
World News
Июль
2025
1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 11 12 13 14 15 16 17 18 19 20 21 22 23
24
25
26
27
28
29
30
31

Алматыда тау бөктеріндегі екі үй сүрілді

0

Алматыда сот шешімі бойынша, "Таулы Қырат" ӨК 2767 және 2768 учаскеде құрылысы аяқталмаған екі үй бұзылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Алматы Қала құрылысын бақылау басқармасына сілтеме жасап.
Жеке меншік иесі (жеке тұлға) рұқсатсыз тау бөктерінде үй салған. Сонымен қатар, құрылыс жұмыстары кезінде аталған аумақтарға жол салу үшін тау бөктерінің етегі кесіліп, экожүйеге залал келтірілген.

"Басқарма жер учаскелерін бастапқы қалпына келтіру туралы нұсқама беріп, меншік иесіне қатысты әкімшілік шаралар қабылдады. Алайда нұсқамада көрсетілген талаптар орындалмағандықтан, басқарма сотқа мәжбүрлеп бұзу туралы талап-арыз берген", - делінген хабарламада.

2024 жылы 17 қазанда Медеу аудандық соты талап-арызды қанағаттандырып, сот қаулысы Алматы әділет департаментіне орындауға жіберілген.
Сот шешімін орындау мақсатында жуырда меншік иесі заңсыз нысандарды өзі бұзып тастаған.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!