ru24.pro
World News
Июль
2025
1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 11 12 13 14 15 16 17 18 19
20
21
22
23
24
25
26
27
28
29
30
31

Компания Қазақстаннан 2 миллион долларды заңсыз шығарған

0

Компания Қазақстаннан 2 миллион долларды заңсыз шығарған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Алматы облысы прокуратурасына сілтеме жасап.
"Т" ЖШС шетелдік компаниямен жалпы құны 6 миллион АҚШ доллары болатын тауар жеткізуге сыртқы экономикалық шарт жасаған.

"Ақша қаражаты резидент еместің шотына аударылған, алайда тауар тек 3,7 миллион АҚШ долларына жеткізілген. Қалған қаражат шарттық міндеттемелерді формалды түрде бүркемелеу арқылы іс жүзінде елден шығарылған. Компания қаражатты қайтару бойынша ешқандай шаралар қабылдамаған, ал салық органдары репатриация талабын орындамау бойынша тиісті шараларды қолданбаған", - делінген хабарламада.

Анықталған құқықбұзушылықтарға байланысты облыс прокуратурасы ҚР ӘҚБтК-нің 251-бабы 2-бөлігі бойынша (ұлттық және (немесе) шетел валютасын репатриациялау талабын орындамау) әкімшілік іс қозғады. Қонаев сотының қаулысы бойынша, "Т" ЖШС кінәлі деп танылып 239 миллион теңге көлемінде әкімшілік айыппұл салынды. Сот актісі заңды күшіне енді.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!