ru24.pro
World News
Июль
2025
1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 11 12 13 14 15 16 17 18 19
20
21
22
23
24
25
26
27
28
29
30
31

ІІМ: есірткі айналымына қатысы бар екі трансұлттық топ жойылды

0
Биылғы алты айда 4000-ға жуық есірткіге қатысты құқықбұзушылық тіркелді, оның 1800-і ауыр және аса ауыр қылмыстар. Бұл туралы ІІМ есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл комитеті төрағасының орынбасары Қуандық Әлжанов айтып берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ІІМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Ұйымдасқан қылмыстық топ құру және басқару деректері бойынша 21 қылмыстық іс қозғалды, оның ішінде екеуі трансұлттық сипатта.

"11 көшбасшы және 43 қатысушы ұсталды. Заңсыз айналымнан алты тоннадан астам есірткі заттары тәркіленді. Мұның ішінде тәркіленген синтетиканың көлемі екі есеге өсіп, 570 келі болды", - деді Қуандық Әлжанов.

Сондай-ақ, 103 есірткі зертханасының қызметі тоқтатылған. Есірткі заттарын егудің 218 дерегі және 63 контранбанда дерегі анықталды.

"Жастар арасында танымал есірткі сайттарын бұғаттау үш есеге артты. Олардың саны 17 мыңнан асады. Сонымен қатар күмәнді операцияларға қатысы бар 24 мың шот бұғатталды, оларда 2,4 млрд теңге жинақталған. Есірткі профилактикасы ерекше назарда.
11 мыңнан астам есірткіге қарсы іс-шара өткізіліп, оған бір миллион жастар мен жасөспірімдер қатысты, - деді ІІМ есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл комитеті төрағасының орынбасары Қуандық Әлжанов.


Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!