ru24.pro
World News
Июнь
2025
1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 11 12 13 14 15 16 17 18 19 20 21 22 23 24 25 26 27 28
29
30

Қазақстандағы АЭС құрылысы: аяқтау мерзімдері жарияланды

0

Қазақстандағы алғашқы атом электр станциясының құрылысы шамамен 7 жылға созылуы мүмкін. Бұл туралы Атом энергиясы жөніндегі агенттік төрағасы Алмасадам Сәтқалиев мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Парламент палаталарының бірлескен отырысы аясында Алмасадам Сәтқалиев АЭС құрылысын аяқтау бойынша болжамды мерзімдерді атады.

"Конкурс талаптарына сай белгіленген индикативті мерзімдер – құрылыс алаңына шыққан сәттен бастап 7 жыл", – деді ол.

Агенттік басшысы Қазақстан Ресеймен алғашқы АЭС құрылысы жөніндегі үкіметаралық келісімді 2025 жылдың аяғына дейін жасасуды жоспарлап отырғанын хабарлады.

"Біз өзіміз үшін қарқынды мерзімдерді анықтадық. Жыл аяғына дейін бұл келісімді жасасуды жоспарлап отырмыз", – деді Сәтқалиев.

Сәтқалиевтің айтуынша, болашақ АЭС-тің нақты құны әзірге белгісіз. Қазір тек конкурстық рәсімдер шеңберінде жеткізушілер ұсынған алдын ала есептеулер бар.

"Құны ТЭН негізінде анықталады. Бізде конкурс рәсімдеріне қатысу аясында вендорлар ұсынған жобалық параметрлер бар. Қазір оларды жариялай алмаймыз, себебі бұл деректер процеске қатысушылармен жасалған құпиялылық келісімдерімен қорғалған. Алайда жалпы әлемдік тәжірибеге сүйенсек, мұндай деңгейдегі станцияның құны кем дегенде 14 миллиард доллард болады", – деп түйіндеді ол.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!