ru24.pro
World News
Июнь
2025

Астана маңында ұшақ құлап, екі адам қаза тапты

0

Астанадағы Жоламан аэродромы маңында әуе апаты болды, қаза тапқандар бар, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Көлік министрлігіне сілтеме жасап.

"22 маусымда шамамен сағат 11:30-да Астанадағы Жоламан аэродромы маңында оқу-жаттығу ұшуы кезінде TL-2000 маркалы жеңіл моторлы ұшақ апатқа ұшырады. Ұшақ жеке тұлғаға тиесілі. Алдын ала мәлімет бойынша, бортта екі экипаж мүшесі болған, екеуі де қаза тапқан", - делінген хабарламада.

Оқиғаның себептерін анықтау үшін арнайы комиссия құрылмақ.

"Қазақстан Республикасы Көлік министрлігінің көліктегі оқиғалар мен апаттарды тергеу департаментінің мамандары апат орнына аттанды", - деп мәлімдеді ведомство.

Айта кетейік, Жоламан аэродромы Ақмола облысы, Шортанды ауданында, Астана қаласының орталығынан шамамен 13 шақырым жерде орналасқан.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!