ru24.pro
World News
Июнь
2025
1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 11 12 13 14 15 16 17 18 19 20 21
22
23
24
25
26
27
28
29
30

Қазақстандық банктің бұрынғы қызметкері Мәскеуде ұсталды

0

Бөтеннің мүлкін аса ірі мөлшерде ұрлаған күдікті Ресейден Қазақстанға экстрадициялады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Бас прокуратура мәліметіне сілтеме жасап.
Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы сеніп тапсырылған бөтеннің мүлкін аса ірі мөлшерде ұрлағаны үшін қылмыстық жауаптылыққа тарту үшін күдіктіні Ресей Федерациясынан экстрадициялады.
Тергеу нұсқасы бойынша, ол 2015-2017 жылдар аралығында Астана банктерінің бірінің филиалының жетекші менеджері бола отырып, сомасы 31 миллион теңгеден астам ақша қаражатын иемденіп, талан-таражға салған.

"Қылмыс жасағаннан кейін күдікті жасырынып, осыған байланысты халықаралық іздеу жарияланды. Былтыр маусымда іздеуде жүрген адам Ресей Федерациясының Мәскеу қаласында ұсталды және Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының сұрауы бойынша Қазақстанға экстрадицияланды", - делінген хабарламада.

Қазіргі уақытта ол тергеу изоляторына қамалған.
Айыпталған қылмысты жасағаны үшін мүлкін тәркілеумен жеті жылдан он екі жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!