ru24.pro
World News
Июнь
2025
1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 11 12 13 14 15
16
17
18
19
20
21
22
23
24
25
26
27
28
29
30

Қазақстандықтар Ираннан Әзербайжан арқылы шұғыл эвакуацияланды

0
Қазақстан азаматтары Ираннан Әзербайжанға эвакуацияланды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Report басылымына сілтеме жасап.
Мәлімет бойынша, "Астара" шекара бекетінде алты қазақстандық Ираннан Әзербайжан шекарасын кесіп өтіп, өз еліне оралуға жол ашты.

"Ираннан эвакуацияланған азаматтарға барлық қажетті жағдай жасалған, соның ішінде медициналық қызметтер көрсетіледі, сондай-ақ олар шекара бекетінде таңғы ас іше алады", – деп жазады басылым.


БАҚ деректеріне сүйенсек, бұған дейін бірнеше шетелдік мемлекет Әзербайжан тарапына өз азаматтарын Ираннан осы ел арқылы эвакуациялау үшін көмек сұрап жүгінген.
Tengrinews.kz тілшісіне Қазақстанның Әзербайжан Республикасындағы елшілігі қазақстандықтарды шекарадан елшілік қызметкерлері күтіп алғанын хабарлады. Қазіргі таңда олар Бакуге жол тартты.
Бұған дейін Қазақстанның Израильдегі елшілігі Таяу Шығыстағы жағдайдың ушығуына байланысты отандастарына үндеу жасаған еді.
Израильдің Иранға жасаған шабуылы

13 маусымға қараған түні Израиль Ислам Республикасы ядролық қару жасауға жақындағаны үшін Иранға қарсы "Арыстандай көтерілген халық" әскери операциясын бастаған. Бұл операция аясында ядролық және әскери нысандарға, жоғары әскери басшылықтың орналасқан жерлеріне соққы жасалған.
Салдарынан Ислам революциясы сақшылар корпусының (КСИР) қолбасшысы генерал-лейтенант Хосейн Салами, КСИР Әуе-ғарыш күштерінің бас қолбасшысы генерал Амир Али Хаджизаде, Иран Бас штабының басшысы Мохаммад Багери және басқа да ирандық әскери тұлғалар қаза тапты.
13 маусым кешке Иран Израильге жауап ретінде жүзден астам баллистикалық зымыран ұшырып, ондаған нысанға соққы берді. Израильдің қорғаныс министрі Исраэль Кац Тегеранның бұл қадамын "қызыл сызықтан өту" деп атап, Иран бұл үшін "өте қымбат төлейтінін" мәлімдеді. Оның айтуынша, зымыран соққылары "тығыз қоныстанған азаматтық аудандарға" бағытталған.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!