Сізді көреген көшбасшылардың бірі санаймын - Мелони Тоқаев туралы
Джорджа Мелони екі ел арасындағы ықпалдастықты жоғары бағалап, оның стратегиялық серіктестік рухына сай келетінін айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап.
"Сізді көреген көшбасшылардың бірі санаймын. Қазіргі сын-қатерлерді терең түсінетін адаммен әңгімелесу мен үшін өте құнды. Осынау қиын кезеңде жақсы жаңалықтар да бар. Соның бірі – Италия мен Қазақстан арасындағы қарым-қатынас. Біздің байланыстарымыздың деңгейі жоғары. Мұны бұған дейін бірнеше рет атап өттік. Дегенмен ынтымақтастықты одан әрі нығайтуға мүмкіндік жеткілікті. Менің сапарымның мақсаты да осы. Сіздің еліңіздің Батыс пен Шығысты байланыстырып жатқан алтын көпір ретіндегі тарихи мәнін жақсы білеміз", – деді Италия Премьер-министрі.
Келіссөз барысында екіжақты күн тәртібінің негізгі бағыттарын қамтитын көптеген мәселе талқыланды.
Қасым-Жомарт Тоқаев пен Джорджа Мелони Қазақстан мен Италияның қарым-қатынасын қарқынды дамытуға ықпал ететін серіктестікті одан әр жандандырып, жаңа бастамаларды жүзеге асыруға мүдделі екендерін растады.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!