ru24.pro
World News
Май
2025
1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 11 12 13 14 15 16 17 18 19 20 21 22 23
24
25
26
27
28
29
30
31

Дәрігер тістерді бұзатын қауіпті әдетті атады

0

Өзіңіз байқамай тістеріңізге зақым келтіруіңіз мүмкін. Стоматолог тамақтан кейін ауыз қуысын асығыс тазалау әдеті неге тіс жегісіне, сезімталдыққа және эмальдің бұзылуына әкелуі мүмкін екенін айтып берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Әлемдегі стоматологтар тістерді күніне екі рет – таңертең және кешке тазалау қажет екенін айтады. Бірақ көп адам тазалау уақытының да маңызды екенін ескере бермейді. Әсіресе тәтті тағамдардан кейін тістерді бірден тазалау зиян.
Британдық стоматолог Тарун Нагпалдың айтуынша, шоколад, жеміс-жидек немесе басқа тәттілерден кейін бірден тіс тазалау эмальге зақым келтіруі мүмкін.

"Шоколад немесе құрамында қант бар өнімдерді жегенде, ауыз қуысындағы бактериялар қышқыл бөле бастайды. Бұл қышқылдар уақытша тіс эмалін – тіс бетіндегі қорғаныш қабатын жұмсартады. Егер дәл осы сәтте тіс тазаласаңыз, жұмсарған эмальді қырып тастауыңыз мүмкін. Бұл уақыт өте келе тістерді әлсіретеді", – дейді стоматолог.

Тәттіден кейін бірден тіс тазалаудың қаупі қандай?
Маман ескертеді: бұл әдет тістердің сезімталдығына, тіс жегісіне және эмальдің бұзылуына әкелуі мүмкін. Бұл әсіресе эмалі әлсіреген немесе сезімталдығы жоғары адамдар үшін қауіпті.
Не істеу керек?
Стоматолог тамақтан кейін кемінде 30 минут күтуге кеңес береді. Осы уақыт ішінде сілекей бактериялар бөлген қышқылдарды бейтараптандырып, эмальдің беріктігін қалпына келтіреді. Сол кезде ғана тіс тазалау тиімді әрі қауіпсіз болады.

"Сілекей – ауыз қуысының табиғи қорғанышы. Ол тамақ қалдықтарын шайып, қышқылдылықты азайтып, эмальді қалпына келтіруге көмектеседі. Бірақ асығыс тазалау зиян тигізуі мүмкін", – деп ескертті дәрігер.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!