ru24.pro
World News
Май
2025
1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 11 12 13 14 15 16 17 18 19 20
21
22
23
24
25
26
27
28
29
30
31

Қызылорда облысында АН-2 ұшағы мәжбүрлі түрде қонды

0
АН-2 ұшағы Қызылорда облысына мәжбүрлі түрде қонған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Мән-жайды ТЖМ мәлімдеді.

"Кеше ТЖМ кезекші бөліміне Қызылорда облысында "Таң-Құмкөл" бағытында ұшқан, бортында 3 адамы бар АН-2 ұшағы мәжбүрлі түрде қонғаны туралы хабарлама түсті. Олардың қайда екені белгісіз болды. Өйткені олармен байланыс болмады", - деп жазылған хабарламада.

Жедел іздестіруге ТЖМ күштері мен құралдары тартылған. Сондай-ақ, іздестіру жұмыстарын жүргізу үшін ҚР ТЖМ "Қазавиақұтқару" АҚ тікұшағы да жұмылдырылған.

"Іздестіру тобының жедел және үйлесімді іс-қимылдарының арқасында 8 сағаттан кейін түнде жоғалғандар ай даладан табылып, Қызылорда облысы Сырдария ауданы Тереңөзек кентіне жеткізілді. Олар медициналық көмекке мұқтаж болған жоқ", - деп жазылған хабарламада.


Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!