ru24.pro
World News
Апрель
2025

Алматыда ҰОС ардагерлеріне төлем көбейтіледі

0

Алматыда ҰОС ардагерлері мен тыл еңбеккерлеріне төлем көбейтіледі, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі қала әкімдігі мәліметіне сілтеме жасап.
Бұл шешім Алматы қалалық Мәслихатының VIII шақырылымының кезектен тыс XXIX сессиясында бірауыздан қабылданды.

"Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне 5 миллион теңгеден беріледі. Тыл еңбеккерлеріне - 100 мың теңгеден (бұған дейін 50 мың теңге еді)", - делінген хабарламада.

Барлық төлем автоматты түрде аударылады - арнайы өтініш берудің қажеті жоқ.
Алматыда тұратындар:

21 ҰОС ардагері,6 149 тыл еңбеккері.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!