ru24.pro
World News
Апрель
2025

Хасан Қасымбаевтың ісі сотқа жолданды

0

Құқық қорғау органдары Хасан Касымбаевқа қатысты тергеу жұмыстарын аяқтады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Бұл ақпаратты Алматы облыстық Полиция департаменті растады. Істің келесі кезеңі - тағылған айыптар бойынша сот талқылауы.

"Тергеу аяқталды. Іс сотқа жолданды", – деп хабарлады Алматы облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Айта кетейік, бұған дейін Хасан Қасымбаев 2021 жылы ережесіз жекпе-жек жаттықтырушысын ұрлап, соққыға жықты деген күдікке ілінгені хабарланды.
Хасан Қасымбаев 2024 жылы 2 қарашада ұсталды. Кейін екі айға қамауға алынды.
Еске салайық, бұған дейін ел арасында Талғардағы төбелесте қаза тапқан Шерзат Болаттың өлімінен кейін күдіктілердің "Хутор" қылмыстық тобына қатысы бар екені және аталмыш топтың басында Хасан Қасымбаев есімді азамат тұр деген әңгіме тараған болатын. Желіде Хасанмен түскен әншілердің суреттері тарап, көпшілік оларды сынға алған еді.
Кейіннен атышулы Хасан әлеуметтік желіде төбе көрсетіп, "менің еш қатысым жоқ" деп сұхбат берген болатын.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!